ЛОНДОН. Британ полициясы өткен аптада Лондонда болған жарылыстарға байланысты елдің солтүстік-шығысындағы 5 үйге тінту жүргізіп, әзірше ешкімді тұтқындаған жоқ. Ресми мәлімет бойынша Лондон метросының поездарында 3 жарылыс және 2 қабатты бір автобус жарылып, одан кем дегенде 52 адам құрбан болды. Осы жарылыстардың кезінде хабар-ашырсыз жоғалған әлі ондаған адам, олардың ішінде Франция, Польша және басқа елдерден келген 30-ға тарта турист бар. Ресми билік бұл жарылыстарды ислам экстремистері жүзеге асырды деп есептейді. Ұлы Британияда орналасқан АҚШ әскерилері мен олардың отбасы мүшелеріне қауіпсіздік мақсатында Лондонға бармауға кеңес берілді.