Қырғызстанның жаңа президенті тамыз айында премьер-министрлікке өзінің одақтасын ұсынуға тиіс

БІШКЕК. Бүгін Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Қ.Бәкиев өзінің саяси одақтасы Ф.Куловты 1-інші вице-премьер етіп тағайындады. Осы екеуінің өзара келісіміне сәйкес, Ф.Кулов президент сайлауына түсуден бас тартып, ал Қ.Бәкиев президент сайлауында жеңіске жеткен күнде, Ф.Кулов премьер-министр болып тағайындалуға тиіс. 1 ай бұрын Ф.Кулов одақтасының сайлау науқанына атсалысу үшін 1-інші вице-премьер қызметінен босатылған болатын. Қ.Бәкиев – жексенбі күнгі президент сайлауында басым дауыспен жеңді. Ол қызметіне ресми түрде тамыз айында отырып, оның ізінше Ф.Куловты үкімет басына ұсынуға тиіс. Бүгін Қ.Бәкиевті президент болып сайлануымен Қазақстан президенті Н.Назарбаев құттықтады.