Қара теңіз жағалауындағы жарылыстан бір сәби қаза тапты

СОФИЯ. Болгария полициясының хабарлауынша, бүгін Қара теңіз жағалауындағы Болгарияның курортында бомба қойылған бір көлік жарылған. Жарылыс салдарынан бір сәби қаза тауып, 4 адам жараланған. Жарақат алғандардың екеуі Германиядан келген туристер екен. Соңғы екі күн ішінде бұл екінші жарылыс.