Британияда лаңкестікпен күресудің жаңа шаралары қабылданбақ

Британия өкімет басшысы Тони Блейр Парлементте сөйлеген сөзінде лаңкестік әрекеттерді түбірімен жоюға бағытталған жаңа шаралар қабылданады деді. Сондай-ақ Блейр мырза Британиядағы Мұсылман қауымдастығымен тығыз байланыста жұмыс істеуге уәде берді. Ондағы мақсат - Ислам діні жайында қалыптасқан қате және улы түсініктермен күрес жүргізу деді ол.