Ауған-Пәкістан шекарасындағы қарулы топтарды ауыздықтау үшін бұл екі ел және АҚШ өзара әріптестікті нығайтуы тиіс. Осылай дей келіп, белгісіз боп қалуды қалаған Америка өкілі Осама бин-Ладеннің қайда жасырынып жүргені әлі белгісіз, деді. Егер Пәкістан мен Ауғанстан күштері бірдей уақытта күрес шараларын бастаса, онда қарулы топтар ортаға қысылыса келіп, қолға түсер еді, деді әлгі өкіл.