ЛОНДОН. Бүгін ағылшын премьер-министрі Т.Блэр жанпидашыл-лаңкестер жүзеге асырған Лондондағы шабуылдардың сыртында діни фанатиктердің “зұлымдық идеологиясы” тұр деп мәлімдеді.
- Біздің тойтарыс беріп жатқанымыз – зұлымдық идеологиясы. Бұл түрлі өркениеттің қақтығысы емес. Мейлі мұсылман болсын, не басқа болсын, барлық өркениетті жұрт мұндай әрекеттерге жиеркенішпен қарайды. Әйтсе де бұл – ғаламдық шайқас, бұл – ислам мен өзге идеологиялардың және жүректердің шайқасы, - деп атап көрсетті Т.Блэр.
Оның айтуынша, соңғы 12 жылда әлемнің 26 елінде мыңдаған адам, көбіне мұсылмандар құрбан болған лаңкестік қастандықтарға Әл-Қаида ұйымы және онымен сыбайлас топтар жауапты.