Полицияның айтуынша, Бағдадтың оңтүстігіндегі Мұсайб қаласындағы мешітте жанкешті жарған бомбадан кемінде 58 адам мерт болған

Жараланғандардың саны 80-дей болады. Ирақтың басқа жерінде оның алдында орын алған жарылыста 15 адам опат болған, олардың ішінде үш британия солдаты бар. Басқа да хабарларға қарағанда, Ирақтың премьер-министрі Ибрахим әл-Жаафари кеше Иранға үш күндік сапарын бастады. Бұл аталған екі елдің 1980 жылы өзара сегіз жылдық соғысты бастарынан өткергеннен бері жасалып отырған алғашқы ең жоғары дәрежелі сапар.