ЖАҢАЛЫҚТАР Саддамға тағылған алғашқы айыптар жарияланды 17 шілде 2005 жыл, 16:05 БАҒДАД. Ирақ соты елдің бұрынғы басшысы Саддам Хуссейнге тағылған алғашқы айыптарды жариялады. Бүгін сот төрағасы Раид Жуохи Саддамға 1982 жылы Бағдадтың солтүстігінде орналасқан Дужаил ауылында шийт мұсылмандарын өлтірген деген айып тақты.