Сербия соты 90-ыншы жылдардағы соғыстың тағы бір топ қылмыскеріне айып тақты

БЕЛГРАД. Бүгін Сербия соты Югославияның бұрынғы президенті Слободан Милошевичтің құпия полициясының бастығы мен оның өзге 6 үзеңгілесіне ресми түрде айып тақты. Осы 7 кісі коммунистік дәуірдегі серб лидері Иван Стамболичті өлтіруге қатысты деп айыпталып отыр. Стамболич – 2000 жылдың тамызында өлтірілді. Оларға, сондай-ақ, өткен жылы оппозицияның лидері, қазір сыртқы істер министрі Вак Драсковичтің өміріне қастандық жасамақ болды деген айып тағылды. Стамболичке қарсы қастандықты жүзеге асырғандар 15 және 40 жылға кесілді.