Ауғанстанның бұрынғы дала қолбасшысының ісі Ұлыбританияда қаралуда

Ауғанстанның бұрынғы дала қолбасшыларының бірін Ұлыбритания соты Ауған жерінде адамдарды қинады, кепілдікке тұтқынға алды деп айыптады. Бұған байланысты үкім сейсенбі күні шығарылмақшы. 1991-1996-шы жылдары Сароби аймағындағы тұрғындарға қарсы тағылық әрекеттер жасады деп сол кездегі жеке армия басшысы Фарияди Зардадты прокурорлар айыптап отыр. Бұл айыптауларды 42 жастағы Зардад жоққа шығаруға тырысуда. Ол Британияға 1998-ші жылы баспана сұрап келіп, жеке пицца ресторан жұмысын жүргізіп тұрған кезінде 2002-ші жылы тұтқындалған еді. Бұл – шет елдегі адам хұқының тапталуына орай Британияда өткізіліп отырған алғашқы осындай сот ісі болмақшы. Куәгерлер сателлит байланысы арқылы куәлік беруде.