Ираққа көрші елдер лаңкестікке және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес туралы өзара аймақтық хаттамаға қол қоя ма?

АНКАРА. Шетелдік қарулы топтардың Ираққа өтуіне жол бермеу мәселесін талқылау мақсатында Ирақ пен оған көрші елдердің сыртқы істер министрлері бүгін Түркияда бас қосты. Түркия министрі Абдулқадыр Ақсу Ирақтағы көтерілістің шет елдермен тығыз байланыста екенін ешкімнің жоққа шығара алмайтынын атап көрсетіп, бас қосуға қатысқан елдер өкілдерінің арасында шекара қауіпсіздігін нығайту, терроризмге және ұйымдасқан қылмысқа қарсы бірігіп күресу туралы аймақтық хаттамаға қол қоюын ұсынды.