Шілденің 20-күні қазақстандық бірқатар адам құқығын қорғаушылар мен республиканың сыртқы істер министрлігінің мамандары Қазақстанда адам құқығы саласында жасалып жатқан жұмыстарға баға беріп, бұл жайында халықаралық ұйым өкілдерінің пікірін жариялады. Алайда, үкімет өкілдері Қазақстан адам құқығы саласында түрлі жетістіктерге жетті десе, қоғамдық ұйым өкілдері бұл салада атқарылуы тиіс жұмыстар көп деген ойда.
Қазақстандық адам құқығын қорғаушылар мен республиканың ресми орган өкілдері «Адам құқықтары мен бостандықтарын қадірлеу – қауіпсіздіктің ең басты шарты» деген тақырыпта өткен аптаның соңына таман Венада өткен жиын туралы өз ойларын ортаға салды. Бұл басқосуға барған Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісі Мадина Жарбосынованың айтуынша, мамандар Қазақстан үкіметінің адам құқығы саласында жасап жатқан жұмыстарына жақсы баға беріпті. Мамандардың айтуынша, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның арнайы өткен жиналысында Қазақстан үкіметінің өзбекстандық құқық қорғаушы Лутфулло Шамсудиновты ресми Ташкент өкілдеріне бермей, оның үшінші бір мемлекетке кетуіне мүмкіндік беруін, жиынға келген өкілдер жоғары бағалаған көрінеді. Сонымен қатар, халықаралық ұйым өкілдері республика президентінің коммерциялық емес ұйымдардың қызметі туралы заң жобасын Конституциялық кеңестің қарауына жіберуіне де өз бағасын берген.
Қазақстандағы адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі бюро директоры Евгений Жовтистың айтуынша, бұл басқосудан кейін мамандар азаматтық қоғам дамымай, терроризммен күресудің нәтижесі болмайтынына тағы да көз жеткізіпті.
Алматыдағы Хельсинки комитетінің жетекшісі Нинель Фокина, Венада болған жиналыс барысында республика қол жеткізген жетістіктерге қуанғанымен, бірақ, Отанына келгенде, көңіл-күйі түсіп кеткенін айтады.
- Себебі, алғашында, республика президенті коммерциялық емес ұйымдар туралы заң жобасын Конституциялық кеңеске жіберді дегенді естідік, ал Қазақстанға оралсақ, Зағипа Бәлиева бұл заң Конституция талаптарына толығымен сай деген мәлімдеме жасады, бұл дұрыс емес. Бұл жөніндегі қортындыны Конституциялық кеңес шығарады, - дейді Нинель Фокина.
Адам құқығын қорғау ісімен шұғылданып жүрген мамандар президент қол қойып жіберген ұлттық қауіпсіздік жөніндегі заңға да наразы екендерін айтты. Бұл заң Конституциялық кеңестің қарауында жатқан заң жобасымен тығыз байланысты дейді мамандар. Бұдан бұрын адам құқығын қорғаушылар мұндай заңдар қабылданса, онда республикадағы азаматтық қоғам дамымай қалады дегенді айтқан болатын.