Осыдан дәл он күн бұрын, дәл осы жерде өзге бір жанкешті өзін-өзі жарып, оның кесірінен 21 адам қаза болған еді. Бүгінгі шабуыл үшін жауапкершілікті Әбу-Мұсаб әл-Зарқауи тобы өз мойнына алып отыр. Ал, Ирақ Ата заңы жобасын жасауға көмектесіп жүрген Сүнні арабтар бүгін өз жұмыстарын тоқтатты. Себебі, кеше олардың екі әріптесін белгісіз біреулер атып кеткен болатын.