Ирақтың Ата заң жобасын әзірлеп жатқан комиссияның екі мүшесі өлтірілгенімен, ол құжат жоспарланған уақытынан бұрын дайын болмақшы

БАҒДАД. Бұл туралы аталған комиссияның басшысы Шейх Хумам әл-Хаммуди мәлімдеді. Хаммудинің айтуынша, Ирақтың жаңа Ата Заң жобасы Ұлттық Ассамблеяға тамыздың алғашқы аптасында ұсынылатын болады.

Басқа да хабарларға қарағанда, Бағдадқа жақын жерде жанкешті жарған бомбадан кемінде 6 адам құрбан болып, 24 кісі жараланды.