Өзбекстанда “шекараны заңсыз” өтті деген желеумен қырғыз журналисі ұсталды

ТАШКЕНТ. “Шекарасыз репортерлер” Халықаралық ұйымы хабарлағандай, Өзбекстанда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қудалау әлі жалғасып келеді. Өзбек үкіметінің мамыр айында Әндіжандағы халық толқуын аяусыз басып-жаншыған әрекетін зерттемек болған Қырғызстан журналисі ұсталды. Адам құқын қорғаушылардың мәліметтері бойыша, Әндіжандағы қырғын кезінде 750-ге жуық бейбіт тұрғын, оның ішінде әйелдер мен балалар қаза болды. Қырғыз журналисіне шекараны рұқсатсыз өтті деген айы тағылды. Билік тарапынан қуғын көрген тағы бір өзбек журналисі шілде айының басында елден қашыуға мәжбүр болды.