Грузия ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, АҚШ президенті Джордж Буштың өміріне қастандық жасаған деген күдікпен тұтқындалған кісі оған тағылған айыптарды мойындаған

ТБИЛИСИ. 27-жасар Владимир Арутюнов деген азамат мамырдың 10 күні Тбилисиде Дж.Буш тұрған мінберге қарай қол гранатын лақтырғандығы жөнінде республикалық ауруханының дәрігерлеріне айтып берді. Арутюнов арнайы шара кезінде сәрсенбі күні ұсталған-ды. Ұстау кезінде күдікті қарулы қарсылық көрсетіп, бір полиция қызметкерін өлтірген болатын. Арутюновтың өзі жараланып, ауруханаға түскен.