Қытай вице-премьерінің Орта Азияға сапары аяқталды

ДУШАНБЕ. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонов Душанбеде Қытай вице-премьері У И ханыммен кездесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Қытай Тәжікстанға 20 миллион долларға жуық екі грант бөлді. Бұл шара Қытай вице премьерінің Тәжікстанға сапары барысында жүзеге асты. Сонымен У И ханым Орта Азия елдеріне сапарын аяқтады.