К.Райстың (АҚШ) Рамаллаға сапарының ізінше Газа аймағында 2 еврей оққа ұшты

ТАЯУ ШЫҒЫС. Бүгін таңертең Газа аймағы мен Израильдің шекарасында 2 Израиль азаматы оққа ұшты. Олардың автокөлігін палестиндік партизандар тасадан атқылады. Тағы 4 адам жараланды. Бұл шабуыл үшін жауапкершілікті Ислам жиһады мен Палестина лидері М.Аббас бастаған ФАТХ қозғалысының қанаты болып табылатын “Азап шегушілердің Әл-Ақса бригадасы” өз мойындарына алды. Палестиндіктердің хабарлауынша, Газа аймағының шекарасына Израиль әскері мен соғыс техникасы шоғырланып жатыр. Бұл қақтығыс АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райстың Рамаллаға сапарының ізінше болып отыр.