Ондай жағдайда әскерилер күтпеген шараларды қолдануы мүмкін, дей келіп, ол шаралар жөнінде Шарон мырза нақты айта қоймады. «Бұл жөнінде Таяу Шығысқа сапармен келген АҚШ Мемлекеттік хатшысы Кондолеза Райсқа ашық түрде айттым», деді Шарон. Осы мәлімдемеден санаулы сағаттар бұрын ғана Палестиналық қарулы топ израйльдік көлік жүргізушілерге шабуыл жасаған. Оның кесірінен екі адам қаза болып, төртеуі жараланған екен.