КАНАВЕРАЛ МҮЙІСІ. АҚШ-тың ғарыш агенттігі – НАСА - жанар-жағар май бөлімінен аңғарылған кемшіліктің салдарынан 13-інші шілдеде кейінгі қалдырылған “Дисковери” ғарыш кемесін бүгін ұшыруды жоспарлап отыр. Бұл сәтті өтетін болса, 7 ғарышкер отырып келе жатқан “Коламбия” кемесінің 2003 жылы 1 ақпанда жерге қайтқан жолында әуеде жарылуынан кейінгі ең бірінші ұшу болмақшы. “Дисковери” кемесінің 7 ғарышкерден тұратын командасы Халықаралық ғарыш бекетіне ұшып жетіп, 12 тәуліктен соң жерге оралуға тиіс. Олардың ең басты міндеті – “Дисковери” кемесінің қауіпсіздігін сынау болып отыр.