АҚШ әскери басшылығы Бағдадта төрт сарбазымыз қаза тапты деп жариялады. Олар жексенбі күні қаза тапқан екен, сарбаздар отырған машина жолға қойылған бомбаға жарылған. Бағдад маңында кеше автобусқа жасалған шабуылдан кемінде 16 адам қаза тапты. Автобуста үйлеріне қайтып бара жатқан зауыт жұмысшылары отырған, сол сәтте қарулы адамдар оқ жаудырды. "Әл Қаиданың" Ирақтағы бөлімшесі кепілдікте отырған екі алжир елшісін өлтіреміз деп мәлімдеді кеше. Дипломаттар Бағдадта өткен аптада ұрланған. Мәлімдеме дәл "Әл Қаидадан" шыққаны дәйектелген жоқ.