Бұл туралы шілденің 27 күні Алматыда осы қозғалыстың ұйымдастыру комитетінің мүшелері мәлімдеді. Осыдан тура бір ғасыр бұрын қазақ қоғамындағы тіл, дін, білім, жер мәселелерінің өзектілігі әлі күнге дейін жойылған жоқ, сондықтан, Үкіметтен осы істердің шешілуін талап ететін боламыз, дейді олар. Алайда, кейбір саясаткерлер, елде жаңадан әртүрлі қозғалыс, бірлестіктердің пайда болып, қоғамдық белсенділігі артып отырғаны биылғы желтоқсан айында президент сайлауы өтетінін дәлелдейді және олардың кейбірі билік орындары тарапынан ұйымдастырылуы ықтимал деген пікір айтады.
«1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде қабылданған Қарқаралы петициясында қазақ ұлтшылдары көтерген көкейкесті мәселелері тәуелсіздігімізге он төрт жыл толса да, сол күйінде тұр. Жыл өткен сайын құрып бара жатқан ана тіліміз, тұралап қалған ауылдар, саудаға түскен қазақ жері, мемлекеттің бақылауындағы дін мәселелерін шешуді Үкімет алдына қоюға мәжбүр болып отырмыз», - дейді «Ұлт тағдыры» деген атаумен құрылмақшы жаңа қозғалысты ұйымдастыру қомитетінің мүшесі Балтабай Рақымжанов. Қазіргі уақытта 57 мың дауыс жинағанын айтқан қозғалыс мүшелері, Үкіметтен жер туралы және БАҚ туралы заңдарға өзгерістер енгізуді талап етпек екенін мәлімдеді.
«Ауыл азаматтарын қалаға келген кезде мемлекет қорғауға алу керек. Оны заңдық тұрғыда шешу керек. Оларды құқықтық қорғауға алу қажет», - дейді қозғалысты ұйымдастыру комитетінің мүшесі Хасен Қожа Ахмет.
Ұйымдастыру комитетінің тағы бір мүшесі Дос Көшім: «қазіргі уақытта бір де бір саяси партия ұлттық мүддені қорғау мақсатында нақты жұмыс атқарып жатқан жоқ, өткен Парламент сайлауы кезінде ең көп дауыс жинаған оппозициялық «Ақжол» партиясы ұлттық мәселелерді көтеруді қолдағанымен, бағдарламаларына әлі енгізбей отыр» дегенді айтты. Оның айтуынша, қазіргі уақытта қозғалысты қолдайтындардың арасында үкіметті және оппозициялық партиялардың мүшелері бар екен.
«Біз ұлттық мәселені көтеріп отырмыз. Бұл бәріне ортақ мәселе. Біздің қатарымыздағы түрлі саяси партиялардың адамдары, сондықтан, олардың саяси ұстанымдары да әр түрлі. Сондықтан, біз партия емес, қозғалыс болып құрылуды жөн санадық. Өйткені, оның қызмет көрсететін шеңбері кең», - деді Дос Көшім мырза.
Алайда, кейбір саясаткерлер, елде жаңадан әртүрлі қозғалыс, бірлестіктердің пайда болып, қоғамдық белсенділігі артып отырғанын алдағы президент сайлауымен байланыстырады. Соңғы уақытта Қазақстанда пайда бола бастаған қозғалыстар мен бірлестіктердің қоғамдық белсенділігінің дәл осы уақытта артуы желтоқсан айында Президент сайлауы болатындығын көрсетеді, - дейді Қазақстандағы ұлттық қозғалыстың тағы бір өкілі Арон Атабек.
«Әрине, бұл сайлау қарсаңында жасалып, ұйымдастырылып жатқан әрекет. Дәлірек айтсақ, бұны режимнің өзі ұйымдастырып отыр», - деп санайды Арон Атабек.
Бірақ, жаңа қозғалыстың көш басында жүрген Дос Көшім, оның дәл қазіргі кезеңде пайда болуын Қарқаралы петициясының 100 жылдығымен түсіндіреді.
«Біздің қолымызда 50 пайыз дауыс болған соң, ұлттық мүддені саудаға салып тұрған болып көрінетін шығармыз. Шын мәнінде бізге осы өзекті мәселелерді қозғайтын кез келді. Өзге біреулер ұлттық мәселелерді қозғаса өз беттерімен қозғай берсін, бізбен саудаласпай-ақ қойсын», - дейді Д.Көшім.
Сонымен, Қазақстанда қоғамдық ортаға «Ұлт тағдыры» атты жаңа қозғалыс қосылып оыр. Оны ұйымдастырушылар таяу уақытта қауымдастық құратындықтары туралы мәлімдеді.