БУХАРЕСТ-БІШКЕК. Бүгін Бухаресте Румыния президенті Траян Басеску осы күні Қырғызстанды паналаған өзбек босқындарына уақытша баспана беретінін мәлімдеді. БҰҰ-ының босқындардың істері бойынша Жоғарғы Комиссариаты 455 өзбек босқынын өзге - үшінші елдерге аттандыру мәселесі бойынша бірнеше елмен арада келіссөз жүргізуде. Бүгін Қырғызстанның уақытша 1-інші вице-премьері Ф. Кулов Өзбекстанның сұрауы бойынша қамауға алынған 29 өзбек босқынының тағдыры БҰҰ-ының босқындар жөніндегі ережесіне сәйкес шешіледі деп мәлімдеді. Ол ережеге сәйкес, босқындарды еліне күштеп беруге болмайды. Ресми Ташкент 29 босқынның кем дегенде 12-сін қолына беруді сұрап отыр.