Румыния 450-дей өзбек босқынына уақытша баспана бермекші

Олар мұнда алты ай мерзімге қалатын сыңайлы. Содан кейін босқындар Канада, Дания, Голландия және Құрама Штаттарына жеткізілетін болады. Мамыр айында Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы оқиғалар кезінде өкімет күштерінің басып-жаншуынан бас сауғалаған босқындар Қырғыз жерін паналаған болатын. Ресми Ташкенттің әскери бұл әрекеттерін БҰҰ “жаппай кісі өлтіру” деп бағалаған еді.