КИЕВ. Бүгін Украинаның сыртқы істер министрлігі көрші орналасқан Польша мен Беларуссия арасындағы қарым-қатынастың бұзылуына алаңдайтынын білдірді. Министрліктің бұл мәлімдемесінде Варшава мен Минск арасындағы қатынастардың нашарлауы осы аймақтағы тұрақтылыққа нұқсан келтіреді делінген. Поляк-беларусь қатынастары өткен айда бір-бірінің дипломаттарын елден қуу мен Беларуссиядағы поляктар одағының жетекшісін 2 күн абақтыда ұстауынан бері күрт нашарлай бастады. Польша бейсенбі күні Минскідегі елшісін кейін шақыртып алды. Беларуссия болса мұны Польшаның екі ел арасындағы қарым-қатынасты үзуді көздеген ниетін анық көрсетіп отыр деп бағалады.