БАНЬЯ-ЛУКА. Босния сербтерінің бұрынғы лидері Радован Караджичтің зайыбы ерін Халықаралық трибуналдың қолына берілуге шақырды. Теледидардан жолдаған осы үндеуінде Лилиана Караджич: “Сізден мұны өтіну ауыр да өте қиын. Бірақ мен шын жүрегіммен, бүкіл жан-дүниеммен Сізден берілуіңізді өтінемін. Бұл біз бен біздің жанұямыз үшін құрбандық болсын!” –деп жалбарынды. Адам құқықтары жөніндегі Хелсинки комитетінің Босния-Сербия бөлімі жетекшісінің пікірінше, Лилияна Караджичтің бұл үндеуі жүрегінен шығып отыр. Р.Караджичке Босниядағы соғыс кезінде әскери қылмыстар жасады деген айыптар тағылып, ол 10 жылдан бері бас сауғалап жүр.