Италия және Британия заң орындары 21 шілде күні Лондонда іске аспай қалған террорлық шабуылдарға қатысты төрт негізгі күдікті азамат жөнінде тергеулерін жалғастырып жатыр. Рим соты кеше Британия азаматы, Эфиопия тумасы Осман Хусейнді Британия полициясына беру ісін қарады, ол азамат осы қалада жұма күні тұтқындалған болатын. Сот тағайындаған адвокат Британияның талабына қарсы күресемін, мәселені шешуге екі айға шейін уақыт қажет болуы мүмкін деді. Италия ішкі істер министрі Джузеппе Писану күдікті азаматтың Италиядағы ұйыммен байланысы болған, шілденің 26-сынан бастап оның жүріс-тұрысын зерттедік деді. Британия полициясы кеше Лесстер қаласында тағы екі күдікті азаматты ұстады. Полиция шілде айындағы бомба шабуылдарына бұлардың қатысы болмауы да мүмкін деді.