Британия полициясы 21 шілде күні Лондон қоғамдық көлігінде жасалмақ болған бомба шабуылдарының ісіне орай Суссекс аумағында тағы жеті адамды ұстадық деп мәлімдеді. Бомбаларды жармақшы болды деген төрт күдіктінің үшеуі өткен аптада ұсталған. Төртінші күдікті жұма күні Рим қаласында ұсталды, Италия соты оны Британияға қайтару мәселесін қарап жатыр. Полиция шілденің 21 және 7 күндері жасалған шабуылдарды кімдер басқарғанын зерттеп жатыр. Алғашқы шабуылдарда 50 астам адам қаза тапқан. 7 шілде күнгі шабуылдарға қатысы бар деген бір азамат Замбия елінде ұсталған болатын, Замбия оны Британияға қайтару жөнінде шешім шығарды.