Пәкістан Жоғары соты бүгінгі мәжілісінде Солтүстік-Батыс Шекара провинциясында мораль полициясын құрғызбау мәселесін қарамақ. Осы провинцияны билеуші асыра исламшыл топ арнайы заң шығарып, "Қоғамдық орындарда ислам құндылықтарын қадағалау жөнінде" полиция құруды бұйырды. Пәкістан президенті Перуез Мұшарраф заң адам құқықтарын шектейтін болады дейді. Мәселе енді елдің Жоғары сотында қаралып жатыр.