ТБИЛИСИ. Бүгін Тбилисиде қауіпсіздік кепілдігі мәселесі бойынша грузин-абхаз келіссөзінің кезекті сатысы өтіп жатыр. Екі жақтың делегацияларын Грузияның жанжалдарды үйтестіру министрі Георгий Хаиндрава мен әлі мойындалмаған Абхазия республикасының сыртқы істер министрі Сергей Шамба бастап келді. Бұл кездесу БҰҰ-ының дәнекер болуымен және Ресей мен бірқатар Батыс елі өкілдерінің қатысуымен өтуде. Оның барысында Тбилиси мен Сухуми арасында өзара сенім орнату мен Абхазияның Гали ауданын мекендейтін грузиндердің қауіпсіздігі проблемаларына ерекше назар аударылмақшы.