Ресми Пхеньянның ядролық бағдарламасын тоқтатуға байланысты жалған уәдемен жасамақ келісім-шартына Құрама Штаттары қол қоймайды, деп ескертілуде

Бежінде сөйлеген сөзінде Солтүстік Корея Сыртқы істер министрінің орынбасары Ким Кие-Гуаң өз елінің Корея түбегін ядролық қарудан таза түбекке айналдыруға мүдделі екендігін, алайда әлемдегі барлық елдердің бейбіт мақсатта ядролық бағдарламаларын жүргізуге хұқы бар екендігін алға тартты. Бүгін бұл алты жақты кездесуге қатысушылар өз отырысын 11-ші күні де одан әрі жалғастырмақшы.