БАҒДАД. Ирақ басшылары жаңа Конституцияның жобасы бойынша бүгінгі жоспарланған бас қосуын кейінге қалдырды. Ирақ президенті Жалал Талабанидің кеңсесінен бүгін хабарланғандай, барлық өкілдердің қатысуы үшін бұл кездесу жексенбіге қалдырылған. Жаңа Конституцияның жобасын дайындау жүктелген парламент комитетінің күрд мүшесі Махмуд Отман – автономиялық күрд парламентінің сенбіге белгіленген төтенше отырысына шақырылған. Ирақ басшылығы елдің жаңа Конституциясын 15 тамызға дейін мақұлдауға міндеттенген болатын Премьер-министр Ибраһим Әл-Жафаари бүгін Ән-Наджаф қаласында шийттердің рухани жетекшісі аятолла Әли Ас-Систанимен кездесті.