Брюссель Теһранның бейбіт ядролық қуат өндіруге деген құқын мойындайды

ВЕНА. Бүгін Еуроодақ ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімді бұзбай, бейбіт ядролық қуат өндіруге Иранның құқы барлығын мойындайтынын мәлімдеп, Иранға оның ядролық бағдарламасы маңайындағы дағдарысты шешуді көздейтін жаңа экономикалық ұсыныстарын берді. Ал атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік – МАГАТЭ – Иранның уранды байыту өндірісін қайта іске қосу мүмкіндігін алдағы сейсенбі күні талдамақшы. МАГАТЭ-нің басқарма кеңесінің бұл отырысы Теһранмен арада келіссөз жүргізіп келген Германия, Франция және Германияның сұрауы бойынша өтпекші. Одан кейін МАГАТЭ Теһраннан уран өндірісін іске қоспауын талап етуге тиіс.