ЛОНДОН. Бүгін өткізген баспасөз-маслихатында ағылшын премьері Т.Блэр лаңкестер мен олардың сыбайластарына қарсы ауқымды шаралар қолданылатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, “Ұлыбританияға аяқ басып, осында қалғандар белгілі міндеттерді орындауға тиіс. Ол міндет – ағылшындардың ұстанған құндылықтарын құрметтей білу болып табылады. Ал осындай міндеттерді мойындамай, араздық туғызып, біздің еліміз бен халқымызға қарсы қастандық жасауды ойлағандарға біздің арамызда орын жоқ”. Т.Блэрдің атап көрсетуінше, ағылшын үкіметі Лондонда кеңселері болған «Хизб-ут-Таһрир» мен басқа 2 ислам ұйымына тиым салады.