Ресей теңізшілері енді АҚШ пен Англияның құтқарушылары үміт артып отыр

МӘСКЕУ. Бүгін Ресейдің Камчатка түбегі жағалауында 190 метр тереңдікте жатқан шағын сүңгуір қайықты су бетіне көтермек болған әрекеті сәтсіз аяқталды. Енді барлық үміт апат болған ауданған келіп жеткен АҚШ пен ағылшын құтқарушыларына жүктеліп отыр. Суға батқан сүңгуір қайықта 7 орыс теңізшісі бар. Ресей теңізшілерінің айтуынша, қайықта 1 тәулікке жететін ауа қалды. АҚШ пен Англияның адамсыз жұмыс істейтін аппараттары бүгін Камчаткаға жетіп, Прага уақытымен кешкі сағ. 5-те іске кіріспекші. Ресейдің әскери теңіз флоты штабының өкілі Владимир Пепельяновтың айтуынша, “қайықты 100 метрге дейін қозғалтып, оның қайда жатқанын аңғартатын арнайы белгі орталған; қазір оны су бетіне көтеретін арнайы кеме дайындалып жатыр”.