ЛОНДОН. Лондонның транспорт жүйесіне жасалған шабуылдарға байланысты Ағылшын полициясы күдікке ілінген 4 адамның біреуіне “адамдарды өлтірмекші болған” деген айып тақты. Айыпталып отырған тегі сомалилік Яссин Хассан Омар деген кісі, ол 11-жасынан бастап Британияда тұрған. Сонымен қатар, лангестік әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен Афринаның Замбия елі Британия азаматы Харун Асуатты Британияға тапсырды. Дәлірек айтқанда, шілденің 7-күні Лондонда болған жарылыстарға Асуаттың қатысы болуы мүмкін. Бірақ бұл мәліметті ағылшын полициясы растамады. Лондонның транспорт жүйесіне жасалған шабуылдардан 50-ден астам адам қаза тапқан-ды.