Ирақ президенті парламент талқылауы қарсаңында, жаңа Конституцияның даулы тұстарын шешуде, саяси басшылықты өзара мәмілеге келуге шақырды

Бүгін болмаса да соңғы мерзім тамыздың 15-іне дейін жұмыс тобы өзара келісімге келер деген үміт айтады президент Талабани. АҚШ-тың мәлімдегеніндей, жаңа Конституцияда әйел теңдігі және діни, этникалық шағын топтардың құқығы орын алуы тиіс.

Ал бұл арада жексенбі күні Ирақтағы қақтығыстарда кемінде 35 Ирақ азаматы және сарбаз өлтірілді.