Алдағы президент сайлауының қашан өтетіндігінің мерзімі әлі анықталмағанымен, қазақстандық кейбір сарапшылар оның уақытын 2005 жылдың желтоқсаны деп пайымдайды. Үстіміздегі жылы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың облыстарды аралай бастауын және Үкіметтің мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы мен зейнеткерлердің зейнетақысын өсіруін тәуелсіз сарапшылар 2005 жылдың желтоқсанында өтетін президенттік сайлауға дайындық ретінде бағалап отыр.
Соңғы кездері тек ресми биліктің ғана емес, сонымен қатар оппозиция өкілдерінің де белсенділік танытып, Қазақстанның облыстарын аралап, тұрғындармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе бастағандығы белгілі. Сейсенбі күні бұқаралық ақпарат құралдарын Қазақстандық әлеуметтік-экономикалық ақпарат және болжау институтының “Алматылық барометр: президент сайлауы алдындағы науқанның мониторингі” жобасы бойынша жүргізген зерттеуінің екінші кезеңінің нәтижесімен таныстырған саясаттанушы Ерлан Қарин Алматы қаласында оппозицияның өз ықпалын төмендетіп алғандығын хабарлады. Қариннің айтуынша оппозиция арасында ауызбіршіліктің жоқтығы, оның Алматы қаласындағы рейтингінің төмендеп кетуіне өз әсерін тигізген.
Қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев сейсенбі күні “Азаттық” радиосына берген сұхбатында соңғы кездері жүргізіліп жатқан әлеуметтік зерттеулердің көбісіне аса сене бермейтіндігін білдірді.
«Дәл қазіргі уақытта билікке немесе оппозицияға жақын аналитикалық жүйелердің ешқайсысы да биліктің ғана емес, сонымен қатар оппозицияның сандық рейтингінің нәтижесін дөп басып айтып бере алмайды. Қазақстанда таяудағы парламенттік немесе 1999 жылы өткен президенттік сайлауға қарамастан обьективті, шындыққа жақындайтын электоралдық карта жоқ. Сондықтан оппозиция мен билік басым күштің өзінің жағында екендігін дәлелдеуге тырысады. Сол себептен де Алматы қаласында оппозиция өкілдерінің рейтингі төмендеп кетті деген әңгіменің шындығын растайтын дәлелді ақпараттар керек. Менің ойымша Алматы қаласы оппозицияның негізгі ошағы болып қала береді», - дейді саясаттанушы Досым Сәтпаев.
Ал, саясаттанушы Ерлан Қаринның айтуынша, Қазақстандық әлеуметтік-экономикалық ақпарат және болжау институтының “Алматылық барометр: президент сайлауы алдындағы науқанның мониторингі” жобасы бойынша жүргізген зерттеуінің нәтижесінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың рейтингінің жоғары екендігі анықталған. Алайда, қазақстандық келесі бір саясаттанушы Нұрболат Масанов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рейтингі жоғары деген пікірмен келіспейді.
«Қазақстанда кез-келген адамның рейтингін анықтай алатын дұрыс механизм жүйесі қалыптаспаған. Сол себептен де рейтинг туралы әңгімелердің бәрі де көзбояушылық қана болып табылады. Егер де Қазақстан Президентінің рейтингін анықтайтын шынайы жүйе болса, оның рейтингінің анағұрлым төмен екендігін аңғарар едік», - дейді саясаттанушы Нұрболат Масанов.
Саясаттанушы Дос Көшімнің пікірінше, оппозиция өкілдерінің рейтингінің төмендеп кетуіне олардың қазақ тілді азаматтармен жұмыс істей алмауы өз әсерін тигізіп отыр. Алайда журналист Жангелді Естенбаев болса, оппозиция өкілдерінің қазақ тілді азаматтардың арасында беделі төмен деген пікірмен келіспейді екен. Осы сөздеріне дәлел ретінде журналист Жангелді Естенбаев оппозиция өкілдерін көп жағдайда халықтың өзінің шақыратындығын мысалға келтірді. Қазақстандық кейбір сарапшылардың айтуынша, президент сайлауының алдында бір-біріне қарама-қайшы келетін әлі бірқатар зерттеулердің нәтижесі жарияланауы ықтимал.