АҚШ-тың “Дискавери” ғарыш кемесі жерге сәтті оралды

КАЛИФОРНИЯ. Флоридада ауа райының бұзылуына байланысты “Дискавери” шаттлы АҚШ-тың Калифорниядағы әуе базасына қонды. Ғарыш кемесінің ішінде болған 7 астронавт жерге оралғандарына өте қуанышты, деді капитан Эйлин Коллинс.

“Бұл өте бір тамаша, еліктіргіш тәжірибе болды. Үлкен бір жетістік болды. Ғарышта болудың өзі қызық нәрсе,” деді капитан Коллинс.