Сейсенбі күні Алматы қалалық әкімшілік үйі алдында қала билігінің жүргізіп отырған тұрғын саясатына наразылық танытып, полициямен қақтығысып қалған 40 шақты адамының 12-сін полиция күшпен ұстап, екі автобусқа тиеп, Бостандық аудандық ішкі істер бөліміне алып кеткен болатын. Ұсталғандардың арасында болған «Әділетті Қазақстан үшін» қоғамдық қозғалысының мүшелері Сайлау Лепесов пен Жанат Есентаев, сәрсенбі күні «Азаттық» радиосына, өздерін Бостандық аудандық ішкі істер бөліміне апарған соң, полицейлер дөрекі мінез көрсетіп, күш жұмсағанын айтты.
Полиция әкімшілік алдынан ұстап әкеткендердің арасында қала әкіміне өз арыз-шағыммен келген, өздері тұрып келген жатақханадағы бөлмелерінен айырылғанын айтып, зар жылап жүрген әйелдер еді. Олар өздерін сейсенбі күні түс кезінде Бостандық аудандық полиция бөліміне алып кеткен соң, бірнеше сағат бойы дән татырмай, аш қамап ұстап, ақыры Әуезов аудандық сотына алып барғанын айтты.
«Алайда, ол жерде сағат 23-ке дейін ұстап, енді ертең таңертең сағат 10-да осы жерде сот болады, соған келулерің керек деп босатты» дейді ұсталған әйелдердің бірі.
Ол сәрсенбі күні таңертең сағат 10 болмай Алматы қалалық ауданаралық әкімшілік сот үйі алдына жиналғандарға заң өкілдері “сот ісіне дайындық жұмыстары кешеуілдеп жатыр, сот мәжілісі түстен кейін, сағат 15-те болады” деп қайтарғанын айтты. Ал, түстен кейін әлгі сот үйі алдына барғанымызда оның алдына көп адам жиналғанын көрдік. Бұлардың көбі кеше қала әкімшілігі алдында наразылыққа қатысып, полиция ұстап әкеткен 12 адамның туған-туыстары мен жанашырлары екен. Сондай-ақ, бұл жерге «Әділетті Қазақстан үшін» қоғамдық қозғалысының белсенділері, бірқатар БАҚ өкілдері жиналыпты. Алайда, сағат 15-ке деп белгіленген сот жұмысы тағы да уақытында басталмады. Сотқа жауапқа шақырылып отырған 12 адамның қоғамдық қорғаушылары Петр Своик пен Болат Әбілов екеуі осы істі өз қарауына алған судья Гүлмира Тасқожинамен кездесіп, сот ісінің кешеуілдеу себебін сұрағанында, ол сотқа қажет материалдардың полиция мен прокуратура тарабынан дайын болмай жатқанын айтыпты.
Осы жағдайға байланысты қоғамдық қорғаушылар билік тарапынан айыпталып отырған 12 адаммен ақылдаса келе сағат 16-ға дейін сот мәжілісі залында күтуге, ал егер оған дейін судья сот ісін бастамаса, әркім бұл жерден қайтуға келісті. Ақыры, межелі уақытта судья келмеді. Тіпті, оның шабармандары да көрінбеген соң, халық өз ұйғарымы бойынша сот ғимаратын тастап шығып, үйді-үйіне тарап кетті. Бұл жердегі жағдайды бастан-аяқ бақылаған бір топ журналист болған сот ісі бойынша түсінік алу үшін судья Гүлмира Тасқожинаға өтініш айтқанымен, судья оларға ләм-мим деп ауыз ашпай қойды.
Шілденің 2-күні Алматы қаласы әкімінің кеңсесі алдында полициямен қақтығыста, содан соң Бостандық аудандық ішкі істер бөлімінде полицейлердің жуан жұдырығынан соққы алғанын айтқан Маржан Аспандиярова, сейсенбі күні түнде денсаулық жағдайының күрт төмендеуіне байланысты Алматы қалалық №7-ші аурухананың нейрохирургия бөліміне түскен. Ол өзінің бас сүйегіне және бүйрегіне ауыр соққыдан зақым келгеніне шағым айтады.