Оңтүстік Корея министрі Пхеньянның ядролық бағдарламасын дамытуға құқы бар дейді

СЕУЛ. Оңтүстік Кореяның унификация министрі бейбіт мақсатта ядролық бағдарламасын дамытуға Солтүстік Кореяның құқы бар деп мәлімдеді. Министрдің көзқарасы АҚШ-тың Пхеньян ядролық амбицияларынан бас тартуы керек деген талабына қайшы болып тұр. Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына арналған 6-жақты келіссөз тамыздың 29-нан кейін одан әрі жалғасады деп жоспарланған. Жақында ресми Пхеньян атом бомбасын жасадық деп жариялады.