Осыдан тура бес жыл бұрын Баренц теңізінде «Курск» сүңгуір қайығында торпедо жарылып, су түбіне шөккен еді. Алғашқы жарылыстан кейін-ақ экипаждың көбі қаза тауып, кейбірі бірнеше күнге аман қалған. Шетелден көмек сұрамаған Путин әкімшілігі сол кезде елдің қатты сынына кезіккен болатын. Курск қаласында ол сүңгуір қайықта қаза тапқандардың рухына арнап ескерткіш орнатылды.