Солтүстік Кореяның хабарлағанындай, АҚШ пен Оңтүстік Корея біріккен әскери жаттығуларын тамыздың соңына қарай өткізбек

Пхеньянның пікірінше, бұл Солтүстік Кореяға қарсы шабуылға дайындық әрекеті. Бірақ АҚШ пен Оңтүстік Кореялық әскерилер бұл компьютермен жұмыс істеуді шыңдайтын жаттығу ғана дейді.

1976 жылдан бері жалғасып келе жатқан АҚШ-Оңтүстік Корея әскері жаттығуларын бізге қарсы соғыс дайындығы деп Солтүстік Корея сынаумен келеді.