ЭСКУИНТЛА. Гватамела полициясының хабарлауынша, кеше елдегі бірнеше түрмеде бақталас бригадалардың бір-бірімен пышақ, қару және граната қолданып қақтығысуынан кемінде 30 тұтқын қаза болды. Түрме басшыларының мәліметі бойынша, полиция тәртіп орнатып болғанша тағы 80-ге тарта тұтқын түрлі жарақат алды. Бұл қантөгіс Оңтүстік Американың Гватамела еліндегі ең ірі “Мара Сальватруха” және “Мара-18” деп аталатын 2 қылмыстық топтың арасынан шыққан. Жанжалдың неден шыққаны белгісіз. Бірақ Эскуинтла полициясы бастығының пікірінше, Мара Сальватруха тобының мүшелері бақталас топ өкілдерінің көзін жоймақшы болған көрінеді.