Мофаз журналистерге азаматтардың өз еркімен көшкені абзал деген. Израиль дүйсенбіден бастап Газа жолағын қоршап алып, еврей тұрғындарының көшуіне мүмкіндік беріп отыр. Израиль радиосының хабарына қарағанда, Газадағы 21 қыстақтың бесеуі көшіп үлгерген. Ал батыс жағалаудағы 4 тұрақтан екеуі көшкен. Израиль полиция сақшылары көшуге қарсы болған 500 адамды тұтқынға алған.