Испания қорғаныс министрі Хосе Боно кеше Ауғанстанда құлаған испаниялық тікұшақтың апаты сырттан, шабуылдан да болуы мүмкін, техникалық себептен де болуы мүмкін деді. Тікұшақтағы барлық 17 адам қаза тапты. Апат орын алған Герат провинциясы салыстырмалы түрде қауіпсіз аймақ деп есептеледі. НАТО басқаруындағы халықаралық жасақтың өкілі тікұшақ техникалық себептен құлаған шығар деп айтты. Әскери басшылар екінші испаниялық ұшақтың жағдайын да тергеп жатыр. Ол апат маңында болып, дереу қонған, алайда сәтсіз қонудан бес испаниялық сарбаз жеңіл жарақат алды.