Венесуеладағы әуе апатында барлық 160 адам қаза тапса керек

Венесуела елінде кеше құлаған "Вест Кариббиан Эйрлайнз" компаниясының ұшағындағы барлық 160 адам қаза тапса керек дейді құтқарушылар. Панамадан Кариб теңізіндегі Мартиник аралына ұшып бара жатқан көліктегі барлық жолаушы Франция азаматтары болды. Венесуела ұлттық гвардиясының генералы Кастор Перез Лиал ұшақ таулы аймақта құлады, апат жерін толық зерттеу қиын болып тұр деді. Тірі қалғандарды табамыз деген үміттеміз, бірақ өкінішке қарай мұндай апатта барлық адам мерт болады, - деді генерал Лиал. Франция президенті Жак Ширак өкінішке толы мәлімдемесін жасады.