Еврей қонысшыларына кетуге берілген мерзім аяқталды

Газа секторындағы еврей қонысшыларына өз еркімен кетуге берілген мерзім Астана уақыты бойынша түнгі сағат үште аяқталды. Еврей қоныстарын әкету жоспары бойынша Израиль палестиндіктер өз мемлекетімізді құрамыз деген жерді 38 жылдан соң босатпақ. Кейбір қонысшылар Израиль үкіметі көне еврей жерін беріп жатыр деп кері шегіну жоспарына бейбіт түрде қарсылық танытуға шақырған. Газа секторынан қоныстарды шығару дүйсенбі күні басталды. Өз еркімен шыққысы келмеген қонысшылар енді олар күшпен шығарылуы мүмкін.