Тамыздың 17-күні Қазақстан президенті Н.Назарбаевқа жолдаған ашық хатында «Әділетті Қазақстан үшін» қоғамдық қозғалысының төрағасы Ж.Тұяқбай осыдан екі күн бұрын өз атына Алматы қалалық прокуратурадан келген «түсіндіру» хатында, өзінің Қазақстанды аралап, облыс жұртшылығымен кездесулерде «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысы туралы, елдегі жағдай және алдағы президент сайлауларына байланысты айтқаны прократура тарапынан заң бұзушылық болып саналатыны айтылғаны баяндалған.
Прокуратураның бұл хатына байланысты президентке жолдаған ашық хатында «бұл сіздің әділ саяси бәсекелестікке дайын емес екендігіңіздің айғағы деп бағалаймын» деген Ж.Тұяқбай, өзінің Қазақстан заңдарын бұзбағандығын айта келе, президенттің биылғы халыққа жолдауы мен содан кейін іле-шала басталып кеткен президент сапары барысында Назарбаевтың облыстарды аралап, жұртшылықпен кездесулер өткізуін сайлау алдындағы қаракет деп танитындығын айтқан. Сондай-ақ, Ж.Тұяқбай билік тарапынан өзіне қарсы жасалып жатқан түрлі қыспақтарды ескере отырып, алда өтетін президент сайлауына түсуге белін бекем буып отырғанын президентке жолдаған ашық хатында жеткізген.
Президентке жолдаған ашық хатында Тұяқбай: «Мен сайлауға қоғамымыздағы адамдардың адал және жауапкершілігі мол билікті құруына, әділетті қоғам орнатуға, біздің елімізді гүлдендіріп, шын мәнінде баянды ететін Қазақстанның жаңа Конституциясын ұсыну үшін түсемін» деген.
Қазақстан коммунистерінің жетекшісі Серікболсын Әбділдин Ж.Тұяқбайдың президентке бұлайша ашық хат жолдауына билік оны өзі мәжбүрледі, яғни оның облыстарға сапарлары кезінде сондағы жұртшылықпен кездесулер өткізуін билік қаламайтындығын ашық танытты, сондықтан да ол амалсыз президентке қайырылып отыр дейді.
Ал, Қазақстандағы тәуелсіз бақылаушылар жүйесінің президенті Дос Көшім, Қазақстанда президент сайлауы қашан өтетіндігі әлі анық болмай тұрып, кандидаттар тіркелмей жатып, прокуратура тарапынан мұндай ескертулердің жасалуы заңға негізсіз деген пікір білдіреді.