Ирақта қақтығыстар жалғаса түсті

Ирақ көтерілісшілері жеке қақтығыстарда 12 Ирақ азаматын және төрт америкалық сарбазды өлтірді. Ирақ парламентінің депутаттары ел конституцияның жобасы бойынша сұннит басшыларымен келісім табуға әрекет жасап жатыр. Жоба комитетінің бес сұннит мүшесі бас министр Әл-Жафаримен кездесті, федерализм мәселесі сияқты басты жағдайларды талқылады. Бағдадта сапармен жүрген АҚШ парламентінің төрт өкілі ел конституциясы тезірек қабылданса - Ирақтың соғыстан кейінгі қайта өрлеуі жылдамырақ жүреді деді. Конституцияның тезірек қабылдануына шетел инвестицияларын тарту тәуелді делінді.